---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/05/toqaevqa-zhambyl-oblysyndaghy-ghzi-qyzmetkerlerine-arnalghan-zhanga-uejler-koersetildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаевқа Жамбыл облысындағы ҒЗИ қызметкерлеріне арналған жаңа үйлер көрсетілді

![Тоқаевқа Жамбыл облысындағы ҒЗИ қызметкерлеріне арналған жаңа үйлер көрсетілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/photo_87792.jpeg)

**Президент Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйлерді аралап көрді, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап. **

Мемлекет басшысы Гвардейский кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне арнап салынған тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев отандық және шетелдік ғылыми мамандарға арналған 180 пәтерлік үш тұрғын үй құрылысының аяқталғаны туралы баяндады.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа жиһаздармен толық жабдықталған жаңа пәтерлер көрсетілді. Үйлерді салуға республикалық бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бірінші үйдің құрылысы биыл мамыр айында аяқталды. Көпқабатты үйлердің құрылысы толық бітіп, барлық инженерлік желілер тартылған.

---

Жарияланды: 2021-10-05T04:34:06+06:00

Жаңартылды: 2021-10-05T04:34:06+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/05/toqaevqa-zhambyl-oblysyndaghy-ghzi-qyzmetkerlerine-arnalghan-zhanga-uejler-koersetildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.