---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/05/almatyda-qar-zhawady-dep-kuetilwde/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда қар жауады деп күтілуде

![Алматыда қар жауады деп күтілуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/1580722712_0ar.jpg)

**Қазанның 05-і мен 06-сы және 07-не қараған түні Алматы қаласында жауын-шашын жауып, арты қарға ұласып, ауа температурасы 0, +4 градусқа дейін төмендеп, аздап көктайғақ болуы мүмкін****, деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

Осыған байланысты автокөлік иелері жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырғандары жөн.

Жұмысқа кешікпеу үшін автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді таңертең үйден ертерек шығуға қамдануын сұраймыз. Жолдың жүру бөлігінде қатқан  мұздың пайда болу ықтималдығына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, көлік арасындағы қашық аралығын сақтап, маневрлер мен тежелулерден аулақ болуға, жаяу жүргіншілер жолында сырғақтың пайда болу мүмкіндігіне байланысты тротуарда жүргенде сақ болуға кеңес береміз.

---

Жарияланды: 2021-10-05T07:14:06+06:00

Жаңартылды: 2021-10-05T07:14:06+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/05/almatyda-qar-zhawady-dep-kuetilwde/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.