---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/10/01/almatyda-zhylytw-mawsymy-2-qazanda-ashylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда жылыту маусымы 2 қазанда ашылады

![Алматыда жылыту маусымы 2 қазанда ашылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/oykejvz5-750x406-1.jpg)

**Екінші қазан күні Алматыда 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымы басталады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қолайсыз метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күн сайынғы мониторингіне байланысты жаңа жылыту маусымы күні бұрын ашылады.

Қолайлы жағдайды талап ететін ұйымдардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, ең алдымен, жылу жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен басқа да әлеуметтік объектілер қосылады.

Одан кейін жылытуға көппәтерлі тұрғын үйлер, содан соң жылу энергиясының басқа да тұтынушылар қосылады.

Бұрын хабарланғандай, жылу көздерінің, газ желілерінің, қазандықтардың дайындығы қыркүйек айының соңында 100% қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй қорының 8257 объектісіне, 443 білім беру және 91 денсаулық сақтау объектісіне жылу беріледі.

---

Жарияланды: 2021-10-01T14:21:22+06:00

Жаңартылды: 2021-10-01T14:42:49+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/10/01/almatyda-zhylytw-mawsymy-2-qazanda-ashylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.