---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/28/zhengis-oeserbaj-awyl-sharwashylyghy-vice-ministri-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жеңіс Өсербай ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

![Жеңіс Өсербай ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/photo_87478.jpeg)

**Жеңіс Өсербай Қазақстан ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.**

> — Қазақстан Үкіметінің қаулысы бойынша Жеңіс Әлібекұлы Өсербай Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Жеңіс Өсербай 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, РФ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Ақмола технология және бизнес университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы жеке компанияда экономист ретінде бастаған.

2001-2002 жылдары — жеке ұйымның қаржы талдаушысы.

2004-2006 жылдары — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жобаларды кредиттеу департаментінің бас менеджері.

2006-2019 жылдары жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін «К-Агро» ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі болды.

---

Жарияланды: 2021-09-28T04:52:05+06:00

Жаңартылды: 2021-09-28T04:52:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/28/zhengis-oeserbaj-awyl-sharwashylyghy-vice-ministri-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.