---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/28/mamin-epidemiologiyalyq-zhaghdaj-zhaqsaryp-keledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мамин: Эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

![Мамин: Эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/210818093514900e.jpg)

**Халықты тұмауға қарсы вакцинациялауды жандандыру қажет, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

> «Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Барлық өңірлерде вирус жұқтыру деңгейі біршама азайды. Дегенмен, «Қызыл» аймақта Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары қалып отыр. Сондықтан эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау, вакцинациялауды жалғастыру қажет», — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының дерегінше, қазіргі уақытта бірінші компонент 7,5 млн астам адамға, екінші компонент 6,4 млн. адамға салынды.

> «Сонымен бірге тұмау мен басқа да респираторлық инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шара қолдану қажет. Тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 2,5 млн доза вакцина әкелінді. Халықты тұмауға қарсы вакцинациялауды жандандырып, медицина ұйымдарының тұмау жұқтырған науқастарды қабылдауға әзірлігін қамтамасыз ету қажет», — деген Премьер-Министр жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.

---

Жарияланды: 2021-09-28T06:49:22+06:00

Жаңартылды: 2021-09-28T06:49:22+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/28/mamin-epidemiologiyalyq-zhaghdaj-zhaqsaryp-keledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.