---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/27/toqaev-tuerikmenstan-prezidentin-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Түрікменстан президентін құттықтады

![Тоқаев Түрікменстан президентін құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/gurbanguly-berdymukhamedov-dlya-slaydera-akorda-kz_1_mediumthumb.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентін құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовке жеделхат жолдады. Онда барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Түрікменстанның көшбасшысы мен түрікмен халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаған.

> – Бұл тарихи дата Сіздің халқыңыздың жалпы ұлт болып ұйысқанын және жасампаздық рухының биік екенін көрсетеді. Түрікменстанның мемлекеттілігі мен орнықтылығын одан әрі нығайтуда мұның мәні зор. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында заманауи Түрікменстан бейтарап мемлекет ретінде әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренадағы орнын нығайту тұрғысынан зор жетістіктерге қол жеткізді, – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдар ішінде қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігі көп ғасырлық достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

> – Осынау атаулы мереке күні Сіздің аса жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін және бауырлас Түрікменстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

---

Жарияланды: 2021-09-27T06:59:34+06:00

Жаңартылды: 2021-09-27T06:59:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/27/toqaev-tuerikmenstan-prezidentin-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.