---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/25/toqaev-almatydaghy-atysta-qaza-tapqan-policejler-men-sot-oryndawshysyn-marapattady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушысын марапаттады

![Тоқаев Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушысын марапаттады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/photo_87395.jpeg)

**Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы атыстан қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушысын марапаттады, деп хабарлайды ****Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап. **

«Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

> **ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:** Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы (марқұм) — Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы.
> 
> 
> 
> 
> Сүлеев Дархан Дауылбайұлы (марқұм) — Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы;
> 
> 
> 
> 
> **«Ерлігі үшін» медалімен:** Әбенов Мұрат Бақбергенұлы (марқұм) — Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі, Алматы қаласы», — делінген қаулыда.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

---

Жарияланды: 2021-09-25T08:39:53+06:00

Жаңартылды: 2021-09-25T08:39:53+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/25/toqaev-almatydaghy-atysta-qaza-tapqan-policejler-men-sot-oryndawshysyn-marapattady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.