---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/24/almatyda-qarwlanghan-er-adam-balabaqshagha-kirmek-bolghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда қаруланған ер адам балабақшаға кірмек болған

![Алматыда қаруланған ер адам балабақшаға кірмек болған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/210924125601785e.jpg)

**Алматыда белгісіз ер адам тапаншамен балабақша аумағына кірмек болған, деп хабарлайды  Qazaqpress.**

> «Белгісіз ер адам балабақша аумағына күзетшіні тапаншамен қорқытып кірмек болған. Мектепке дейінгі мекеменің күзетшісі полиция жасағын шақырды»,- делінген әлеуметтік желіде.

Оқиға Наурызбай ауданының коттедж қалашығында орналасқан «Ашамай-2» балабабақшасында болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметі бойынша, аталған факт Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркелді.

> «Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оның ішінде қаруға меншік құқығы бар жоғы анықталады. Содан кейін заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады»,- деп хабарлады полициядан.

---

Жарияланды: 2021-09-24T08:21:11+06:00

Жаңартылды: 2021-09-24T08:21:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/24/almatyda-qarwlanghan-er-adam-balabaqshagha-kirmek-bolghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.