---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/23/nur-sultanda-zhoghalyp-ketken-19-zhasar-qyzdyng-denesi-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 19 жасар қыздың денесі табылды

![Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 19 жасар қыздың денесі табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/photo_87287.jpeg)

**Нұр-Сұлтан қаласында жоғалып кеткен 19 жасар қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Жас қыз 19 қыркүйек күні үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Жоғалған қыздың анасы полицияға арызданып келген.

> — Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің жеке құрамы, қосымша күштер, Ұлттық ұланның жеке құрамы, еріктілер мен жұртшылық жоғалған адамды іздеуге жұмылды.
> 
> 
> 
> 
> Қызды соңғы рет Бараев көшесі жағынан көпірде тұрғанын көрген. Іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер тобын тарту ұйғарылды, — деп түсіндірді тәртіп сақшылары.

22 қыркүйекте сағат 11.20-да полиция қызметкерлері мен ТЖМ жедел құтқару жасағы Есіл өзенінен қыздың мәйітін тапқан.

> — Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп толықтырды полиция өкілі.

---

Жарияланды: 2021-09-23T05:08:32+06:00

Жаңартылды: 2021-09-23T05:08:32+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/23/nur-sultanda-zhoghalyp-ketken-19-zhasar-qyzdyng-denesi-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.