Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Агзам Текенов by Агзам Текенов
22 сентября, 2021
Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

Кездесу барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанда атқарған жұмыстарының нәтижелері мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың басымдықтары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоға ілтипат білдіріп, ақпан айында онлайн режимде өткізген кездесуде өзара жемісті әңгіме өрбіткенін, алайда оның Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде ой-пікір алмасуға мүмкіндік беретін бетпе-бет жүздесудей болмайтынын атап өтті.

– Еуропалық қайта құру және даму банкі – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Ынтымақтастық орнатқан уақыттан бері сіздің банк біздің экономикамызға 8 миллиард евродан астам инвестиция салып, 300-ге жуық жоба жүзеге асырылды. Жалпы банктің әртүрлі салаларды, әсіресе жаңартылатын қуат көздері секторын белсенді қаржыландырғанын білеміз. Жаңартылатын қуат көздері саласындағы ынтымақтастықты жалғастырамыз деп сенеміз, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені бағытындағы жобаларды да жүзеге асыру аса маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар кездесуде коронавирус пандемиясы, қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздық сияқты проблемаларды қамтитын әлемдік экономиканың дамуына қатысты ауқымды мәселелер қарастырылды.

ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассо әлемдік экономиканың дамуы мен Қазақстандағы экономикалық өсім туралы өз болжамымен бөлісті.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматыда жер үй өртенді

Келесі жаңалық

Ways to Meet Women in Your New City

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

5 сентября, 2025
Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты
Саясат

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

15 июля, 2025
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды
Басты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

10 июля, 2025
Креативті индустрия ұлттық жаңғырудың маңызды тетігі – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы
Саясат

Креативті индустрия ұлттық жаңғырудың маңызды тетігі – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы

20 июня, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады
Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады

21 января, 2025
Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті
Басты

Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті

15 января, 2025
Келесі жаңалық

Ways to Meet Women in Your New City

Кейінгі тәулікте Қазақстанда қанша адам COVID-19 жұқтырды?

Кейінгі тәулікте Қазақстанда қанша адам COVID-19 жұқтырды?

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан COVID-19 анықталды?

17 ноября, 2021
Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

10 января, 2022
TikTok LIVE-қа арналған жаңа монетизациялау ережелерін ұсынады

TikTok LIVE-қа арналған жаңа монетизациялау ережелерін ұсынады

24 мая, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
  • Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
  • Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.