---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/20/sot-qawlysyn-oryndaw-kezinde-bes-adam-onyng-ishinde-eki-policiya-qyzmetkeri-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сот қаулысын орындау кезінде бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты

![Сот қаулысын орындау кезінде бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/photo_87175.jpeg)

**Бүгін, 2021 жылы 20 қыркүйек, кешкі сағат 17.00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында жантүршігерлік оқиға орын алды****, деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

Үйден шығару туралы сот қаулысын туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны – 1967 ж. азамат Д. озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырды.

Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып журген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды.

Күдікті залалсыздандырылып, ұсталды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.

---

Жарияланды: 2021-09-20T13:12:50+06:00

Жаңартылды: 2021-09-20T13:12:50+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/20/sot-qawlysyn-oryndaw-kezinde-bes-adam-onyng-ishinde-eki-policiya-qyzmetkeri-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.