---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/20/keshyou-tobynyng-burynghy-aenshisi-zheke-oemiri-twraly-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# KeshYou тобының бұрынғы әншісі жеке өмірі туралы айтты

![KeshYou тобының бұрынғы әншісі жеке өмірі туралы айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/1d8c282cfdcec86f.webp)

**KeshYou тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова күйеуімен ажырасқалы жүргені туралы өзінің Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.**

2018 жылдың қазан айында тұрмысқа шыққан әнші бүгінде екі ұлды дүниеге әкелді. Алайда, соған қарамастан әнші жеке өмірінде әлдебір қиындықтары жайлы желіде жазба жариялаған болатын.

> — Құдай маған барлығын берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты – деп жазды ол.

Желі оқырмандары әншінің жазбасына қатысты өз пікірлерін білдірді.

> — Не болып қалды. Әп-әйбат күйеуіңіз, екі ұлыңыз бар еді? – деп алаңдаушылық білдірген оқырманына Элизат:
> 
> 
> 
> 
> — Өмір болғаннан кейін, бәрі болады екен ғой – деді әнші.

Әншінің Instagram парақшасының оқырмандары оны қолдап, жұбатты.

Айта кетелік, Элизат сахнадан түсіп, шоу бизнеске оралғысы келмейтінін айтқан еді. Бүгінде ол сән салонын ашып, бет әрлеуші болып жеке ісін бастады.

---

Жарияланды: 2021-09-20T06:27:16+06:00

Жаңартылды: 2021-09-20T06:35:05+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: [KeshYou](https://qazaqpress.kz/tag/keshyou/), [ажырасу](https://qazaqpress.kz/tag/azhyrasw/), [жазба](https://qazaqpress.kz/tag/zhazba/), [Элизат Берікова](https://qazaqpress.kz/tag/elizat-berikova/), [әнші](https://qazaqpress.kz/tag/aenshi/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/20/keshyou-tobynyng-burynghy-aenshisi-zheke-oemiri-twraly-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.