---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/20/burynghy-premer-ministr-serik-ahmetov-bostandyqqa-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметов бостандыққа шықты

![Бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметов бостандыққа шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/2021092012250172902_pfrjy-rp.jpg)

**ҚР Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнің баспасөз қызметі Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Серік Ахметовтің пробация есебінен шығарылғанын растады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «2021 жылғы 1 қыркүйекте С. Н.Ахметов сотталу мерзімін өтеуіне байланысты жазаның негізгі түрі бойынша пробация есебінен шығарылды.
> 
> 
> 
> 
> Қазіргі уақытта белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салу түріндегі қосымша жаза бойынша Қазыбек би ауданының пробация қызметінде есепте тұр», — деді комитеттің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 2015 жылы желтоқсан айында Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы Премьер-министр С. Ахметов пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты іс бойынша үкімі шығарды. Аталмыш іс бойынша 7 түрлі эпизодқа сәйкес барлығы 21 адам айыпталған болатын.

---

Жарияланды: 2021-09-20T08:41:14+06:00

Жаңартылды: 2021-09-20T08:41:14+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/20/burynghy-premer-ministr-serik-ahmetov-bostandyqqa-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.