---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/16/almaty-oblysynda-parashyutpen-sekirw-kezinde-aeskeri-qyzmetshi-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметші қаза тапты

![Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметші қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/2021091609531481354_almaty-oblysy-desantshy.jpg)

**14 қыркүйек күні Алматы облысында әскери жаттығу кезінде ҚР Қарулы Күштердің әскери қызметкері, 1990 жылғы капитан қаза тапты**, **деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Ол парашютпен секіру кезінде опат болды.

> — Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, әскери шені «капитан», 1990 жылы дүниеге келген офицер қаза тапты. Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді, — делінген хабарламада.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұрын ол 50 шақты рет парашютпен секірген.

> — Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды, — дейді ведомство өкілдері.

---

Жарияланды: 2021-09-16T08:17:57+06:00

Жаңартылды: 2021-09-16T08:17:57+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/16/almaty-oblysynda-parashyutpen-sekirw-kezinde-aeskeri-qyzmetshi-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.