---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/15/zhaenibek-aelimhanuly-golovkinmen-zhekpe-zhek-oetkizw-twraly-suraqqa-zhawap-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жәнібек Әлімханұлы Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді

![Жәнібек Әлімханұлы Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/8b205aac367996f0.webp)

**Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әйгілі отандасы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Жанкүйерлер менен «неліктен GGG-ді жекпе-жекке» шақырмайсың деп сұрайды. Жауап берейін. Ол менің үлкен ағам. Қазақстанда үлкендерді сыйлау керек — бұл біздің дәстүр. Кейбір жанкүйерлер мұны түсінбеуі мүмкін. Бірақ дәстүрді құрметтеу керек екенін бәрі біледі. Бұл — қазақы стиль! – деп жазды Жәнібек Twitter парақшасында

Айта кетелік, Геннадий Головкин – IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Жәнібек Әлімханұлы да осы дивизионда.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы бірнеше рет өз салмағындағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырған болатын.

> — Мен чемпиондық жекпе-жек өткізгім келеді. Қазіргі уақытта WBO рейтингінде 2-орында тұрмын. Мунгуя болса бірінші сатыда. Олардың менімен жұдырықтасуға келіспейтінін білемін. Өйткені оларды нокаутқа жіберетінімді жақсы біледі. Ал Андраде? Ол қайда? Маған WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы қажет – деді боксшы

Жалпы отандасымыз кәсіпқой боксқа ауысқалы 10 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегінде ол америкалық боксшы Роб Брантты тізе бүктірді.

---

Жарияланды: 2021-09-15T06:11:08+06:00

Жаңартылды: 2021-09-15T06:22:30+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: [бокс](https://qazaqpress.kz/tag/boks/), [жекпе-жек](https://qazaqpress.kz/tag/zhekpe-zhek/), [Жәнібек Әлімханұлы](https://qazaqpress.kz/tag/zhaenibek-aelimhanuly/), [шақыру](https://qazaqpress.kz/tag/shaqyrw/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/15/zhaenibek-aelimhanuly-golovkinmen-zhekpe-zhek-oetkizw-twraly-suraqqa-zhawap-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.