---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/14/taraz-mangyndaghy-zharylystar-toqaev-qaza-tapqan-qutqarwshylar-men-aeskerilerdi-marapattady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тараз маңындағы жарылыстар: Тоқаев қаза тапқан құтқарушылар мен әскерилерді марапаттады

![Тараз маңындағы жарылыстар: Тоқаев қаза тапқан құтқарушылар мен әскерилерді марапаттады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/photo_86905.jpeg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс кезінде қаза тапқан құтқарушылар мен әскери қызметшілерді марапаттады, деп хабарлайды ****Qazaqpress  Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

**І дәрежелі «Айбын» орденімен:**

- Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм) — Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
- Заикин Сергей Владимирович (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
- Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) — Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері.

** ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:**

- Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
- Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
- Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері;
- Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі-құтқарушысы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

---

Жарияланды: 2021-09-14T07:09:24+06:00

Жаңартылды: 2021-09-14T07:09:24+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/14/taraz-mangyndaghy-zharylystar-toqaev-qaza-tapqan-qutqarwshylar-men-aeskerilerdi-marapattady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.