---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/09/qazaqstanda-stwdentter-magistranttar-zhaene-doktoranttar-shaekirtaqysy-oesedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда студенттер, магистранттар және докторанттар шәкіртақысы өседі

![Қазақстанда студенттер, магистранттар және докторанттар шәкіртақысы өседі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/photo_301906.jpg)

**Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап қазақстандық ЖОО студенттері, магистранттары мен докторанттарының шәкіртақысы өсті, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті.

> — Бакалавр шәкіртақысы 26 186 теңгеден 31 423 теңгеге дейін өсті. Педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын ЖОО студенттері бұрынғы 42 000 теңгенің орнына 50 400 теңге алады. Сондай-ақ, біз Президенттің тапсырмасын орындап болашақ дәрігерлердің шәкіртақысын едәуір арттырдық. Олар 26 186 теңгенің орнына 50 400 теңге алады. Былтыр қаңтарда бакалаврлар шәкіртақысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 25 пайызға көтерілгенін еске саламын. Іс жүзінде соңғы екі жылда бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы екі есеге артты, – деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Сонымен қатар, магистранттар, докторанттар мен интерндердің де шәкіртақысы өскен. Егер бұрын магистранттар 66 913 теңге алса, енді олардың ай сайынғы стипендиясы — 76 950 теңге. Докторанттар стипендиясы 150 000 теңгеден 172 500 теңгеге дейін, интерндерде – 47 431 теңгеден 59 289 теңгеге дейін өскен.

---

Жарияланды: 2021-09-09T05:52:26+06:00

Жаңартылды: 2021-09-09T05:52:26+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/09/qazaqstanda-stwdentter-magistranttar-zhaene-doktoranttar-shaekirtaqysy-oesedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.