---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/08/aesel-saedwaqasova-daerigerding-bir-soezi-oemirin-oezgertkenin-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әсел Сәдуақасова дәрігердің бір сөзі өмірін өзгерткенін айтты

![Әсел Сәдуақасова дәрігердің бір сөзі өмірін өзгерткенін айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/17a35650a84ee49c.webp)

**Танымал қазақстандық әртіс Әсел Сәдуақасова өмірге деген көзқарасын өзгерткен оқиғасы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.**

Тыным таппай еңбек еткен әртістің денсаулығы сыр бере бастады.

Әртіс өзінің [Instagram парақшасында](https://www.instagram.com/p/CThgU-4Moiy/?utm_source=ig_embed&#038;ig_rid=c34d5ea0-c6d1-4923-aba5-9643c4689f5f&#038;ig_mid=714AC1F8-3AB3-4985-BEA3-7BF988AEEDBC) әңгімесін айтты. Өнер иесінің сөзінше, денсаулығының нашарлауына байланысты қазіргі таңда ол өзіне көңіл бөліп, өмірлік құндылықтарын қайта қарастырды.

> — Менің бұлай өзгеруіме не себеп? Күнде маған оқырмандардан осындай сұрақтар келеді. Неліктен ерте тұрамын? Психологияны неге зерттей бастадым? Қазіргі күйіме қалай келдім? Алдымен бұған дейін не болғанын, мні өзгеріске не итермелегенін айта кетейін. Мен, шынымды айтсам, тыным таппай еңбек еттім. Кинотуындыларға түсіп, өз тыңдармандарыма ән айтудан жалықпайтынмын. Бірақ күн өткен сайын жағдайым нашарлап кеткенін сездім.
> 
> 
> 
> 
> Ұйқым бұзыла бастады. Тіпті мүлдем ұйықтамайтын болдым. Етеккірім де бұзылды. Нәтижесінде, күйзелістен 12 келі салмақ қостым. Ештеңеге зауқым соққан жоқ. Әдемі киім кию, өзіме қарау мүлдем көмектескен жоқ. Тіпті айнаға қарағым келмейтін еді – деп жазды әртіс өз жазбасында.

Дәрігердің бір ауыз сөзі әртісті тәубесіне келтіріп, денсаулығы мен өміріне деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік берді.

> — Дәрігерімнің «Бұл түріңізбен әрі кетсе, бір жарым жылға шыдайсыз» деген сөзі барлығын өзгертті – деді Әсел.

Бүгінде Әселдің желідегі оқырмандары оның өзгеріп кеткенін жиі жазуда. Әртіс әсерлі жазбалар жазып, таңғы бесте тұрып жүргенін байқады.

---

Жарияланды: 2021-09-08T07:13:56+06:00

Жаңартылды: 2021-09-08T07:51:41+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: [Instagram](https://qazaqpress.kz/tag/instagram/), [денсаулық](https://qazaqpress.kz/tag/densauly%d2%9b/), [жазба](https://qazaqpress.kz/tag/zhazba/), [Әсел Садуақасова](https://qazaqpress.kz/tag/aesel-sadwaqasova/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/08/aesel-saedwaqasova-daerigerding-bir-soezi-oemirin-oezgertkenin-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.