---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/03/elorda-mektepterining-birinde-oert-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елорда мектептерінің бірінде өрт шықты

![Елорда мектептерінің бірінде өрт шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/18759467_0_160_3073_1888_1920x0_80_0_0_21e516e849318bd6923eb1980404141c.jpg)

**Нұр-Сұлтандағы №54 мектепте өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqpress төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.**

> «Бүгін сағат 09.10-да «102» арнасына Иманбаев көшесіндегі №54 орта мектепте өрт шығып жатқаны туралы қоңырау түсті. Полицияның күшімен оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіз жерге көшіріліп, жақын маңдағы көшелер қоршауға алынды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Оқиға орнына арнайы техника жұмылдырылған. Жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған.

> «Өрт толықтай сөндірілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, оған электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы ықтимал. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде», — деді департамент.

---

Жарияланды: 2021-09-03T06:54:06+06:00

Жаңартылды: 2021-09-03T06:54:06+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/03/elorda-mektepterining-birinde-oert-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.