Әнші Тамара Асар екінші баласын дүниеге әкелді
Қазақстандық әнші Тамара Асар екінші баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Qazaqpress.
Өнер иесі қуанышты хабарын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Тамара Асар бүгін қыз босанды.
— Өмірге бұйырса бүгін Ажар Жұмашқызы келді… шүкір Аллаға, — деп жазды әнші.
Айта кетсек, Тамара Асар 1976 жылы 16 шілдеде Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында дүниеге келген. Қазақ эстрада әншісі, тележүргізуші, психология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.