---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/02/almatyda-qarw-zharaq-arsenaly-taerkilendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда қару-жарақ арсеналы тәркіленді

![Алматыда қару-жарақ арсеналы тәркіленді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/210902113128873a3831353i.jpg)

**Алматы полициясы қару-жарақ арсеналын тәркілеу бойынша арнайы іс-шара жүргізді,** **деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап. **

1975 жылғы күдікті Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында ұсталды.

> — Тергеу сотының рұқсатымен көлік құралын және жеке айыпталушыны тінту кезінде патрондары бар екі тапанша табылып, тәркіленді. Күдіктінің тұрғылықты жеріндегі (Алматы облысы, Талғар ауданы) құпия орнынан тағы алты қару, оның ішінде 12 калибрлі Винчестер, граната және 60 патрон табылып, тәркіленді, оның барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, күдіктінің үйінен ұнтақ зат салынған төрт бума табылды.

> — Сонымен қатар, медициналық сараптама күдіктінің ұсталған кезде есірткіге мас болғаны анықталды. Ол ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізілуде, – деп нақтылады сөзін Науатов.

---

Жарияланды: 2021-09-02T08:40:33+06:00

Жаңартылды: 2021-09-02T08:40:33+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/02/almatyda-qarw-zharaq-arsenaly-taerkilendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.