---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/09/01/qasym-zhomart-toqaevtyng-atyna-aqsh-prezidenti-dzhozef-bajdennen-hat-kelip-tuesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Джозеф Байденнен хат келіп түсті

![Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Джозеф Байденнен хат келіп түсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/dzho-bayden-dlya-slaydera-akorda-kz-2-2_mediumthumb.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Джозеф Байденнен хат келіп түсті, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

Қазақстан Президентінің атына келген хатта Джозеф Байден Семей ядролық полигонының жабылғанына отыз жыл толуына орай құттықтауын жеткізген.

> — 29 тамыз күні Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан Республикасының халқына ең ізгі құттықтауымды білдіргім келеді. Америка Құрама Штаттары бұрынғы сынақ полигоны аймағын қалпына келтіру мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Сіздің Үкіметіңізбен арадағы жалғасып жатқан ынтымақтастықты қоса алғанда, Қазақстанмен берік серіктестігін нығайта бермек. Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап Семей аймағында әріптестік қарым-қатынаста жұмыстар атқарып келеді, — деп жазды АҚШ президенті.

Джозеф Байден қауіп-қатерлерді бірлесіп төмендетуге бағытталған Нанн-Лугар бағдарламасы аясында кеңестік ядролық сынақ инфрақұрылымынан қалған мұраны жою жолында Қазақстан мен АҚШ-тың бірігіп жұмыс атқарғанын еске алып, екі елдің достығын атап өтті.

> — Америка Құрама Штаттары Сіздің еліңізді дос деп мақтана айтады және мен серіктестігіміздің әлеуетін толық әрі жемісті іске асыру үшін Сізбен жұмыс істеуге дайынмын, — делінген Джозеф Байденнің хатында.

---

Жарияланды: 2021-09-01T06:47:23+06:00

Жаңартылды: 2021-09-01T06:47:23+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/09/01/qasym-zhomart-toqaevtyng-atyna-aqsh-prezidenti-dzhozef-bajdennen-hat-kelip-tuesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.