---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/30/zhazwshy-nesipbek-daewtajuly-oemirden-oetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті

![Жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/210829231537404e-1.jpg)

**Белгілі қазақстандық жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Қаралы хабарды жазушының шәкірттері мен жанашыр інілері Facebook арқылы мәлім етті.

> «Қош бол, классик! Біз сізді ұмытпаймыз», — деп жазды белгілі әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы.

Несіпбек Дәутайұлы — 1947 жылы 30 желтоқсанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің Бас жеңімпазы

1972-1980 жылдары аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші болған. «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы қызметінде еді. Халықаралық Еуразия жазушылары қауымдастығының Құрметті мүшесі Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры еді.

---

Жарияланды: 2021-08-30T07:01:48+06:00

Жаңартылды: 2021-08-30T07:01:48+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/30/zhazwshy-nesipbek-daewtajuly-oemirden-oetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.