---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/30/toqaev-qazaqstandyqtardy-konstitwciya-kuenimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

![Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/ap_19161506494030-pic4_zoom-1500x1500-93708.jpg)

**[Ақорда](https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-konstituciya-kunimen-kuttyktauy-287752) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауын жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Құрметті отандастар!
> 
> 
> 
> 
> Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!
> 
> 
> 
> 
> Атазаңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі.
> 
> 
> 
> 
> Конституция мемлекетіміздің заң жүзінде және саяси тұрғыдан демократия қағидаттары мен заң үстемдігін ұстанатынын айғақтайды. Сондай-ақ ұзақ мерзімді даму бағдарымызды айқындайды.
> 
> 
> 
> 
> Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және тікелей атсалысуымен әзірленген еліміздің бас құжаты әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріміздің және қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ауқымды реформаларымыздың берік тұғыры болып саналады.
> 
> 
> 
> 
> Конституциямыздың ұлағатты ұстанымдары экономикалық дағдарыстарды батыл еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басуымызға жол ашады.
> 
> 
> 
> 
> Біз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін мызғымас құндылықтарға сүйене отырып, әділ мемлекет құрамыз. Басты мақсатымыз — халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру.
> 
> 
> 
> 
> Атазаңымыз ел бірлігін және адамның ар-ұжданы мен абыройына қол сұғуға болмайтынын негіздеп, кемсітудің кез-келген түріне тыйым салу арқылы ұлтымызды ұйыстырады. Осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз — ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
> 
> 
> 
> 
> Тәуелсіздік рухы әрбір жолында көрініс тапқан Конституциямызға құрмет халқымызға тән отаншылдықтың арқауына айналып отыр.
> 
> 
> 
> 
> Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!, — делінген құттықтауда.

---

Жарияланды: 2021-08-30T05:50:42+06:00

Жаңартылды: 2021-08-30T05:50:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/30/toqaev-qazaqstandyqtardy-konstitwciya-kuenimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.