---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/29/zhambyl-oblysyndaghy-zharylys-zardap-shekkenderding-zhaghdajy-ajtyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбыл облысындағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

![Жамбыл облысындағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_86302.jpeg)

**Дәрігерлер Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.**

Денесінің 85 пайызын күйік шалған екі сарбаздың жағдайы ауыр екені хабарланды. Сондай-ақ, зардап шеккен төрт адам Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Барлығы 28 науқас ем алып жатыр. 26 тамыздан бері ауруханаға түрлі жарақат алған 93 адам келген.

> — Қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі, — деді қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов журналистерге.

Еске салсақ, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған.

---

Жарияланды: 2021-08-29T12:42:39+06:00

Жаңартылды: 2021-08-29T12:42:39+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/29/zhambyl-oblysyndaghy-zharylys-zardap-shekkenderding-zhaghdajy-ajtyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.