---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/27/zhambyl-oblysynda-saperler-temirzhol-bojyn-tekserip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбыл облысында саперлер теміржол бойын тексеріп жатыр

![Жамбыл облысында саперлер теміржол бойын тексеріп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/4234634.jpg)

**Жамбыл облысында саперлер теміржол бойын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

> «Біз кеше теміржол қозғалысын тоқтаттық. Кеше қаламызға 2 жолаушылар пойызы келген болатын. Оларға 20 шақты көлік ұйымдастырып, жолаушыларды баратын жерлеріне жөнелттік. Қазіргі таңда ол жерде жолаушылар пойызы тоқтап тұрған жоқ. Саперлер жұмыс істеп жатыр. Олар теміржолдың бойын тазартып бітеді, одан кейін теміржолшылардың өздері барып қарайды. Содан соң бірігіп шешім қабылдайтын боламыз», — деді Сапарбаев.

Сонымен қатар ол тауар таситын, жолаушылар тасымалдайтын көліктер үшін жол алдағы уақытта ашылатындығын айтты.

> «Ал көліктерге айналма жол ұйымдастырдық. Негізгі жол оқиға болған жерге жақын болғандықтан уақытша жабық», — деді Бердібек Сапарбаев.

---

Жарияланды: 2021-08-27T07:06:42+06:00

Жаңартылды: 2021-08-27T07:06:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/27/zhambyl-oblysynda-saperler-temirzhol-bojyn-tekserip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.