---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/27/berdibek-saparbaev-zhaghdaj-tolyqtaj-baqylawgha-alyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бердібек Сапарбаев: Жағдай толықтай бақылауға алынды

![Бердібек Сапарбаев: Жағдай толықтай бақылауға алынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_86195.jpeg)

**Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев қазіргі уақытта Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынды. Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды. Апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам жатын орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған, — деп жазды Сапарбаев Facebook желісінде.

Жарылыс зардаптарын жою және эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылады.

> — Менің басшылығыммен құрылған жедел штаб барлық қажетті шараларды атқарып жатыр. Зардап шеккендер Тараз қалалық және аудандық ауруханаларға жеткізіліп, медициналық көмектер көрсетіліп жатыр. ҚР Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлерімен бірлесіп, тиісті шешімдер қабылдануда. Баршаңызды тек қана ресми мәліметтерге сенуге, жалған ақпараттарды таратпауға шақырамын, — деді әкім.

---

Жарияланды: 2021-08-27T06:03:41+06:00

Жаңартылды: 2021-08-27T06:03:41+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/27/berdibek-saparbaev-zhaghdaj-tolyqtaj-baqylawgha-alyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.