---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/26/zhambyl-oblysynda-zharylys-boldy-aeskeri-qojma-oertenip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбыл облысында жарылыс болды: әскери қойма өртеніп жатыр

![Жамбыл облысында жарылыс болды: әскери қойма өртеніп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_372054.jpeg)

**Жамбыл облысында әскери қойма өртеніп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Куәгерлер қойма өртеніп жатқанын хабарлап жатыр. Олардың айтуынша, Тараз маңында әскери қойма өртенген. «Таразға барар жолда әскери қойма өртеніп жатыр. Көлікте соққы толқыны сезілді», — деді куәгер.

Кейін Қорғаныс министрлігі өкілдері оқиғаны растап, өрт сөндіріліп жатқанын мәлімдеді.

> «Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері көмек көрсетіп жатыр», — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Өрт ошағын жою жалғасып жатыр. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

> «Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтің басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді», — деп толықтырды ведомство.

---

Жарияланды: 2021-08-26T16:03:39+06:00

Жаңартылды: 2021-08-26T16:03:39+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/26/zhambyl-oblysynda-zharylys-boldy-aeskeri-qojma-oertenip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.