---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/25/ministr-balaeva-habar-24-zhwrnalisin-aekimdikten-shygharyp-zhibergenderge-qatysty-pikir-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Министр Балаева «Хабар 24» журналисін әкімдіктен шығарып жібергендерге қатысты пікір білдірді

![Министр Балаева «Хабар 24» журналисін әкімдіктен шығарып жібергендерге қатысты пікір білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_319329.png)

**Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыдағы әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылған «Хабар 24» журналисінің оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Аудандық әкімдіктің жауапты тұлғаларының бұған қатысты еш шара қолданбауы мәселені тіпті де ушықтырып отыр. Бұл әрине өте өкінішті және біздің бүгінгі «еститін мемлекет», «ашық әкімдік» қағидаларына қайшы келетін жағдай. Журналистердің құқығын бұзуға, олардың ресми жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсетуге ешқашан жол берілмеуі керек. Олар өздерін қай жерде де еркін сезінуі тиіс. БАҚ өкілдері еліміздің тиісті заңнамалары мен нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес қажетті толыққанды ақпарат алуға қай кезде де құқылы», — деп жазды Балаева Facebook-парақшасында.

---

Жарияланды: 2021-08-25T07:09:09+06:00

Жаңартылды: 2021-08-25T07:09:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/25/ministr-balaeva-habar-24-zhwrnalisin-aekimdikten-shygharyp-zhibergenderge-qatysty-pikir-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.