---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/24/toqtar-aewbaekirov-koronavirws-diagnozymen-awrwhanagha-tuesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқтар Әубәкіров коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті

![Тоқтар Әубәкіров коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_86059.jpeg)

**Қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырып, Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды** **Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап. **

Әубәкіров 21 тамызда Президент Іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасына денсаулық жағдайын айтып жүгінген. Ол жөтел, тершеңдік және жалпы әлсіздік барын айтқан. Оның үйіне барған жедел жәрдем қызметкерлері ПТР-талдауына үлгі алған. Нәтиже оң болған.

Дәрігерлер Тоқтар Әубәкіровке рецепт жазып, емдеу бойынша ұсыныстар берген.

> «Науқастың айтуынша, бұл алтыншы күн. Ол «Сумамед» препаратын өз бетінше қабылдаған. Ауруханаға медициналық көмекке жүгінбеді. 23 тамызда Президент Іс басқармасының медициналық орталығы госпиталінің жылжымалы бригадасының дәрігерлері үйде кеуде сегментінің томографиясын жасап, сынама нәтижесі бойынша оны Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызуға жіберді. Науқас ауруханаға жатудан бас тартты», — делінген хабарламада.

24 тамызда таңертең дәрігерлер Тоқтар Әубәкіровпен сөйлесіп, оны жұқпалы аурулар орталығына баруға көндірген. Ол орташа ауыр дәрежедегі COVID-19 жұқтыру, екі жақты полисегменталь пневмония КT-1 диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Баспасөз қызметі мәліметінше, Әубәкіров вакцина салдырған. Ол вакцинаның екінші компонентін 17 сәуірде алған.

Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы тарихта ғарышты бағындырған бірінші қазақстандық болды. Ол КСРО-ның 72-ші және соңғы ғарышкері, Қазақстан Әскери әуе күштері генерал-майоры. 27 шілдеде ол 75 жасқа толған болатын.

---

Жарияланды: 2021-08-24T11:24:25+06:00

Жаңартылды: 2021-08-24T11:24:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/24/toqtar-aewbaekirov-koronavirws-diagnozymen-awrwhanagha-tuesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.