---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/24/mamin-ashyq-qatyswshylaryna-zhengildikter-engizwdi-tapsyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мамин Ashyq қатысушыларына жеңілдіктер енгізуді тапсырды

![Мамин Ashyq қатысушыларына жеңілдіктер енгізуді тапсырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_86041.jpeg)

**ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды Qazaqpress Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.**

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын, сырқаттанушылық деңгейі біртіндеп төмендей бастағанын атап өтті.

Алдыңғы аптада вирустың репродуктивті индексі 1-ден төмен болды және қазір 0,93 құрайды. Инфекциялық төсек-орындар 49%, реанимациялық төсектер 46% толы.

Бүгінгі таңда 6,5 млн жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 5 млн-нан астам адам екінші компонентін алды.

Үкімет басшысы вакцина салдыру науқанын күшейту қажет екенін атап өтті.

Премьер-Министр Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқан өңірлердегі «Ashyq» жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күндері шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.

---

Жарияланды: 2021-08-24T07:00:16+06:00

Жаңартылды: 2021-08-24T07:00:17+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/24/mamin-ashyq-qatyswshylaryna-zhengildikter-engizwdi-tapsyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.