---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/23/qazaq-zhekpe-zhekshisi-brave-tarihyndaghy-kuetpegen-zhengiske-zhetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақ жекпе-жекшісі Brave тарихындағы күтпеген жеңіске жетті

![Қазақ жекпе-жекшісі Brave тарихындағы күтпеген жеңіске жетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_165910.jpg.webp)

**Қазақстандық жекпе-жекші Олжас Есқараев Алматыда өткен Brave CF 53 турнирінде бұрын соңды болмаған жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaqpress Vesti.kz-ке сілтеме жасап.**

Ол лиганың бұрыңғы чемпионы Лукас Мартинеспен кездесіп, екінші раундта сәтті соққымен жекпе-жек уақытынан бұрын жеңді.

Онымен қоса Есқараев жекпе-жекті небәрі бес күннің ішінде қабылдады. Бұл соңғы төрт айдағы оның үшінші жекпе-жегі еді. Бұл оның Brave CF-тегі дебюті болды.

Алаң анонсері қазақстандықтың бұл жеңісін лига тарихындағы ең үлкен апсет деп атады.

Еске сала кетейік, Brave CF 53 негізгі шайқасында «Бизон» лақап атындағы Нұржан Ақышев жеңіліп қалды.

---

Жарияланды: 2021-08-23T05:55:09+06:00

Жаңартылды: 2021-08-23T13:30:31+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: [апсет](https://qazaqpress.kz/tag/apset/), [жеңіс](https://qazaqpress.kz/tag/zhengis/), [Олжас Есқараев](https://qazaqpress.kz/tag/olzhas-esqaraev/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/tag/sport/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/23/qazaq-zhekpe-zhekshisi-brave-tarihyndaghy-kuetpegen-zhengiske-zhetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.