---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/18/aleksej-coj-el-turghyndaryna-uendew-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алексей Цой ел тұрғындарына үндеу жасады

![Алексей Цой ел тұрғындарына үндеу жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/1851706b29fd030174ffdff7e9aae4f3.jpeg)

**ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Мониторинг топтар карантиндік іс-шаралардың сақталуын бақылауды жалғастыруда. Соңғы 2 аптадағы сараптамаға сәйкес, рейд жүргізу 16 пайызға артып, бұзушылықтарға жол берген нысандар саны 1,2 есеге өсті. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында нысандарды рейд шараларының көрсеткіші төмендегені байқалатындығын атап өткім келеді», — деді министр.

Оның айтуы бойынша, мониторинг топтары «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың да карантиндік іс-шараларды сақтауына бақылау жүргізеді.

> «Бұған қоса, «Ashyq» енгізілген сәттен бері 46 067 «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келуші анықталды. Олардың 29 930-ы ПТР-дің оң нәтижесімен жүрсе, 16 137-сі байланыста болған. Өкінішке орай бұл статистика кейбір азамат үйде оқшаулану режимін сақтамайтындығын, тұрғындар жаппай жиналатын нысандарға баруға тырысатындығын, ел ішінде сапарлайтындығын, сол арқылы төңірегіндегілерге жұқтыру қаупін төндіретіндігін көрсетеді. Төңірегендегілерге қауіп төндіретін азаматтардан азаматтық жауапкершілік танытуға және вирустың таралуына өз үлесін қоспауға өтінемін», — деді Алексей Цой.

---

Жарияланды: 2021-08-18T06:59:25+06:00

Жаңартылды: 2021-08-18T06:59:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/18/aleksej-coj-el-turghyndaryna-uendew-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.