---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/16/ubt-men-zang-buzw-zhighan-upajy-100-den-asqandar-tekseriledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҰБТ мен заң бұзу: жиған ұпайы 100-ден асқандар тексеріледі

![ҰБТ мен заң бұзу: жиған ұпайы 100-ден асқандар тексеріледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/2021081609541367395_test-986769_1920.jpg)

**Емтихан кезінде бөгде тұлғаларды анықтау, тыйым салынған заттарды алып кіру мен оларды пайдалану сияқты заңбұзушылықтар туралы Ұлттық тестілеу орталығы үнемі хабардар етіп отырады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Ереже бұзылған жағдайда, ақпарат автоматты түрде, орталықтың қарасты Министрлігінің келісімінсіз одан әрі қарастырылу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылады. Бірақ ҰТО түлектердің білім алған мектебі мен олардың ата-аналары туралы мәліметтерді анықтамайды.

Бұл ҰБТ өткізу ережелеріне енгізілген өзгерістер және екі жыл бойы жүзеге асырылып келе жатқан жұмыс.

> — Айта кетелік, өткен жылы осы норманы қабылдап, бейнежазбаларды алғаш рет қарастырған соң тағайындалып қойған гранттардың күші жарамсыз болып танылды. Ағымдағы жылы да бейнежазбаларды тексергеннен кейін 19 талапкердің нәтижесі жойылды. ҰБТ аяқталып, гранттар тағайындалғаннан кейін, ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері талапкерлердің қатысуымен бейнежазбаларды қарастырады. Бірінші, 100-ден астам балл жинаған түлектердің бейнежазбалары тексеріледі. Сонымен қатар басқа да жағдайлар қарастырылады.

---

Жарияланды: 2021-08-16T05:43:33+06:00

Жаңартылды: 2021-08-16T06:30:58+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: [ереже](https://qazaqpress.kz/tag/erezhe/), [заңбұзушылық](https://qazaqpress.kz/tag/zangbuzwshylyq/), [ҰБТ](https://qazaqpress.kz/tag/ubt/), [ҰТО](https://qazaqpress.kz/tag/uto/), [өзгеріс](https://qazaqpress.kz/tag/oezgeris/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/16/ubt-men-zang-buzw-zhighan-upajy-100-den-asqandar-tekseriledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.