---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/16/belgili-zhwrnalist-sport-kommentatory-amangeldi-sejithanov-oemirden-ozdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханов өмірден озды

![Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханов өмірден озды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_371020.jpeg)

**Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханов қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қаралы хабарды әріптесі Жандос Айтбай растады.

> «Ол кісі ауруханада көп жатқан жоқ. Кеше жансақтау бөліміне түсті. Бүгін айырылып қалдық. Соңғы күнге дейін жасырып, жаны қиналып жатса да ешкімге білдірмеді»,- деді журналист Жандос Айтбай.

Алматы облысындағы «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Ардақ Айбарұлы Facebook-тегі парақшасында белгілі журналистің коронавируспен ауырғанын жазды.

> «Бұл ажал дегенге шара бар ма? Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан ағамыздан айырылып қалдық. Мына аты жаман індет ешкімді аямады-ау. Не дерімді білмей отырмын. Дүние — жалған деген осы. Отбасы, туған-туыс, дос-бауырларына қайғыра көңіл айтамын. Иманды болыңыз, жездеке», — деп жазды ол.

---

Жарияланды: 2021-08-16T17:25:03+06:00

Жаңартылды: 2021-08-16T17:25:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/16/belgili-zhwrnalist-sport-kommentatory-amangeldi-sejithanov-oemirden-ozdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.