ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 адамды ұстады

ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 адамды ұстады

ҰҚК өкілдері радикалды ағымдардың жақтаушыларын ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— 13 тамызда ҰҚК жүргізген соталды тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды.

Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері, — делінген хабарламада.

Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді.