---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/13/qr-memlekettik-hatshysy-hatshylyghynyng-menggerwshisi-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі тағайындалды

![ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/210813121226440e.jpg)

**Самитов Мажит Самитұлы ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Мажит Самитұлы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін заңгер, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Ол әр жылдары ҚР прокуратура органдарында, оның ішінде Бас прокуратурада түрлі қызметтер атқарған. Сондай-ақ, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болған. Осы кезге дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді.

---

Жарияланды: 2021-08-13T09:06:40+06:00

Жаңартылды: 2021-08-13T09:06:40+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/13/qr-memlekettik-hatshysy-hatshylyghynyng-menggerwshisi-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.