---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/13/nur-sultanda-zhol-ortasynda-bilegen-turghyn-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда жол ортасында билеген тұрғын ұсталды

![Нұр-Сұлтанда жол ортасында билеген тұрғын ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/2021081311153898184_snimok.jpg)

**Нұр-Сұлтанда Сейфуллин және Жангелдин көшелерінің қиылысында мас күйде билеп, жүргіншілерге кедергі келтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Елорданың 33 жастағы тұрғыны өз әрекетімен жол қозғалысы ережелерін бұзып, көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірді. Мас бишіні патрульдік полиция жасағы келгенге дейін жүргізушілердің бірі жол жиегінде ұстап тұрған. Тәртіп бұзушы полиция басқармасына жеткізілді. Қоғамдық орында мас жүргені үшін және жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін ол Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 615 және 440-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2021-08-13T06:30:03+06:00

Жаңартылды: 2021-08-13T06:30:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/13/nur-sultanda-zhol-ortasynda-bilegen-turghyn-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.