---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/12/toqaev-resmi-saparmen-ongtuestik-koreyagha-barady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев ресми сапармен Оңтүстік Кореяға барады

![Тоқаев ресми сапармен Оңтүстік Кореяға барады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_339274.jpeg)

**Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

16-17 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

> — Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтіп, мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың перспективаларын қарастырмақ. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, үкіметаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.
> 
> 
> 
> 
> Қазақстан Президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалмақ, — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2021-08-12T06:59:57+06:00

Жаңартылды: 2021-08-12T06:59:57+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/12/toqaev-resmi-saparmen-ongtuestik-koreyagha-barady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.