---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/12/atyrawda-er-adam-swgha-batyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауда ер адам суға батып кетті

![Атырауда ер адам суға батып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/2021_05_25_ed6e54d0247537ee2559d91623c15630.jpg)

**Атырауда суға батып кеткен ер адамның денесі бір күннен кейін табылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Облыстық төтенше жағдайлар департамаенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 52 жастағы ер адам 9 тамызда сағат 20:00 шамасында суға кеткен.

> «Суға кеткен ер адам Жайық өзеніне Дамбы ауылдық округіндегі Қызылбалық елді мекенінің тұсында арнайы жабдықталмаған жерде шомылуға түскен. Төтенше жағдайлар департаментінен жұмылдырылған 4 құтқарушы мен сүңгуші суға батқан адамның денесін 11 тамызда сағат 11:15 шамасында жағаға шығарды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

 

---

Жарияланды: 2021-08-12T04:57:47+06:00

Жаңартылды: 2021-08-12T04:57:47+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/12/atyrawda-er-adam-swgha-batyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.