Атырауда ер адам суға батып кетті
Атырауда суға батып кеткен ер адамның денесі бір күннен кейін табылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департамаенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 52 жастағы ер адам 9 тамызда сағат 20:00 шамасында суға кеткен.
«Суға кеткен ер адам Жайық өзеніне Дамбы ауылдық округіндегі Қызылбалық елді мекенінің тұсында арнайы жабдықталмаған жерде шомылуға түскен. Төтенше жағдайлар департаментінен жұмылдырылған 4 құтқарушы мен сүңгуші суға батқан адамның денесін 11 тамызда сағат 11:15 шамасында жағаға шығарды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.