---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/12/almaty-bilim-basqarmasy-sabaq-kezinde-oqwshylar-betperde-taghyp-otyrady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы білім басқармасы: Сабақ кезінде оқушылар бетперде тағып отырады

![Алматы білім басқармасы: Сабақ кезінде оқушылар бетперде тағып отырады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/210326164847076a3768592i.jpg)

**Сабақ кезінде оқушылар бетперде тағып отырады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.

> — Балалар сабақта бетперде тағады, бірақ асхана мен дене шынықтыру сабағында бетперде тағу міндетті емес. Дене тәрбиесі сабағы сыртта болатындықтан, қашықтық сақталады. Асханада біз барлық санитарлық нормалардың сақталуын талап етеміз, — деді Жылқыбаева арнайы брифингіде.

Сонымен қатар, ол мектеп балаларды бетпердемен қамтамасыз ететін-етпейтінін айтты:

> — Баланы зарарсыздандыру құралымен (антисептик), бетпердемен қамтамасыз ету — ата -аналардың міндеті. Бірақ, егер ата-аналардың оған мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда мектеп қамтамасыз ететін болады.

---

Жарияланды: 2021-08-12T08:21:25+06:00

Жаңартылды: 2021-08-12T08:21:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/12/almaty-bilim-basqarmasy-sabaq-kezinde-oqwshylar-betperde-taghyp-otyrady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.