---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/10/ejr-astana-ushaghy-aewezhajgha-oraldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Эйр Астана» ұшағы әуежайға оралды

![«Эйр Астана» ұшағы әуежайға оралды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_85479.jpeg)

**Алматыдан ұшып шыққан «Эйр Астана» ұшағы найзағай түсті деген хабардан кейін әуежайға оралды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

9 тамызда Алматы-Тбилиси бағыты бойынша ұшатын әуе кемесі 20:30-да ұшып, найзағай түскен болуы мүмкін деген себеппен Алматы әуежайына оралды.

> — Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Борт ауыстырылғаннан кейін жолаушылар межелі пунктке сағат 00:40-та ұшып кетті. Ұшақ инспекциясы толық көлемде орындалды, найзағайдың түсу іздері табылған жоқ, – деді «Эйр Астана» әуекомпаниясының өкілі.

---

Жарияланды: 2021-08-10T04:23:04+06:00

Жаңартылды: 2021-08-10T05:46:05+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Алматы](https://qazaqpress.kz/tag/almaty/), [найзағай](https://qazaqpress.kz/tag/najzaghaj/), [Ұшақ](https://qazaqpress.kz/tag/ushaq/), [әуежай](https://qazaqpress.kz/tag/aewezhaj/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/10/ejr-astana-ushaghy-aewezhajgha-oraldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.