---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/10/coj-qazaqstanda-koronavirwsqa-qarsy-revakcinaciyanyng-merzimin-atady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинацияның мерзімін атады

![Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинацияның мерзімін атады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/1851706b29fd030174ffdff7e9aae4f3.jpeg)

**ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны қайталап егудің мерзімін атады, деп хабарлайды Qazaqpess ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Бізде ревакциналау жоспарланып отыр. Қазіргі кезде тиісті қадамдарды айқындап жатырмыз. Ревакцинацияның екі түрі болады. Ұжымдық иммунитетті жалпы 60-70 пайызға жеткізгенге дейінгі шұғыл екпе бар. Сонымен қатар, жоспарлы ревакцинация ескерілген. Ол жылына бір рет болады. Қазіргі кезде біз мерзімді пысықтап жатырмыз, себебі Қазақстанда вакциналау ақпан айынан бастап жүргізілді. Адамдардың басым бөлігі маусым-шілде кезеңінде екпе алды. Осы орайда олардың ағзасындағы антиденелер әлі де бар, оның деңгейі де жоғары. Сондықтан екінші дозаны алғаннан соң шамамен 9 айдан кейін күнтізбеге енгізіледі. Қазіргі кезде әріптестермен осы мәселені қарастырып отырмыз», — деді А. Цой.

Оның айтуынша, қайталап екпе жасау тақырыбын бірінші кезекте өткен жылы вакцина жүргізген АҚШ, Израиль, Ресей көтере бастады. Бұл елдерде бірінші вакцина салынғаннан бері 9 айдан астам уақыт өтіп кетті.

> «Біз үшін ревакцинация қазан айына қарай өзекті болады. Яғни, ақпан айының басында бірінші екпені алған біздің азаматтарға қатысты аталған мерзім жеткілікті болады. Сондықтан бұл қадамдар анықталып жатыр, оларды нормативтік тұрғыда бекітеміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тағы да консультация жүргіземіз», — деді министр.

 

---

Жарияланды: 2021-08-10T06:46:16+06:00

Жаңартылды: 2021-08-10T06:46:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/10/coj-qazaqstanda-koronavirwsqa-qarsy-revakcinaciyanyng-merzimin-atady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.