---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/09/qaraghandyda-karantinde-toj-zhasady-degen-shenewnik-qyzmetinen-bosatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қарағандыда карантинде той жасады деген шенеунік қызметінен босатылды

![Қарағандыда карантинде той жасады деген шенеунік қызметінен босатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_85416.jpeg)

**Қарағанды облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы Калел Мақсұтов тойға қатысты тексеріс жүргізілгеннен кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

Айта кетсек, Мақсұтов карантин кезінде қызының тойын өткізді деп айыпталды. Әкім шешімді Қарағанды облысы әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте мәлім етті.

> — Бүгіннен бастап жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мұқатайұлы Мақсұтов карантинді өрескел бұзып, пандемия кезінде той ұйымдастыруға байланысты қызметінен босатылды. Мен тағы да ескертемін: мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметкердің этикасының барлық нормасы бұзылған. Өңірде коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты құнсыздандырмаңыз. Тұрғындардың көңілін қалдырмаңыз. Қызметкер мәртебесі немесе жұмыс орнына қарамастан жауапкершілікке тартылады, — деді Жеңіс Қасымбек.

---

Жарияланды: 2021-08-09T09:03:58+06:00

Жаңартылды: 2021-08-09T09:03:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/09/qaraghandyda-karantinde-toj-zhasady-degen-shenewnik-qyzmetinen-bosatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.