---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/09/arys-stanciyasynda-sary-fosfor-oerti-awa-sapasy-tekserildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Арыс станциясында сары фосфор өрті: Ауа сапасы тексерілді

![Арыс станциясында сары фосфор өрті: Ауа сапасы тексерілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/2021_08_09_arys.jpg)

**Арыс теміржол станциясында сары фосфор тиелген контейнердің жануына байланысты қаладағы атмосфералық ауа сапасына тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Qazaqpress Қазгидрометке сілтеме жасап.**

> «6 тамыз күні сағат 17:20-да Арыс станциясының платформасында сары фосфоры бар жүктің жануына байланысты «Қазгидромет» РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының мониторинг зертханасы, жоспардан тыс іріктеу және атмосфералық ауа сынамаларын анализдеу үшін Арыс қаласына барды», — делінген хабарламада.
> 
> 
> 
> 
> Өрт шыққан Наурыз шағынауданы қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Қала тұрғындарының саны 1700 адамды құрайды. Ластаушы заттардың шоғырлануы келесі химиялық қосылыстар бойынша өлшенді: қалқыма заттар, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, күкіртті сутек, формальдегид және аммиак.
> 
> 
> 
> 
> Өлшеу 6 нүктеде жүргізілді. Олар:
> 
> 
> 
> 
> №1 нүкте: Қазыбек би көшесі, Орталық алаң (т/ж вокзалы ауданында).
> 
> 
> 
> 
> № 2 нүкте: Өркендеу к-сі, Наурыз ш/а, іріктеу уақыты 14:15.
> 
> 
> 
> 
> № 3 нүкте: Қаланың солтүстік бөлігі.
> 
> 
> 
> 
> № 4 нүкте: Е.Молдабаев атындағы орта мектеп., Мадалиев к-сі.
> 
> 
> 
> 
> № 5 нүкте: орталық аудандық аурухананың жаны, Жұмабаев к-сі.
> 
> 
> 
> 
> № 6 нүкте: аудан әкімдігінің жаны, Еркобек к-сі.
> 
> 
> 
> 
> «Зерттеу нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кету анықталған жоқ. Радиациялық фонның деңгейі норма шегінде», — дейді синоптиктер.

---

Жарияланды: 2021-08-09T06:32:25+06:00

Жаңартылды: 2021-08-09T06:32:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/09/arys-stanciyasynda-sary-fosfor-oerti-awa-sapasy-tekserildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.