---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/09/alakoelde-gidrocikl-qaqqan-40-zhastaghy-er-adam-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алакөлде гидроцикл қаққан 40 жастағы ер адам көз жұмды

![Алакөлде гидроцикл қаққан 40 жастағы ер адам көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_370246.jpeg)

**Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл демалыс орнында гидроцикл қаққан 40 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 8 тамыз күні 27 жастағы әйел гидроциклмен адамды қаққан.

> — 40 жастағы семейлік азамат сол жерде бірден жантәсілім етті. Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған.

---

Жарияланды: 2021-08-09T04:48:57+06:00

Жаңартылды: 2021-08-09T04:48:57+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/09/alakoelde-gidrocikl-qaqqan-40-zhastaghy-er-adam-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.