---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/06/almatyda-taksist-qyzgha-qaraqshylyq-shabwyl-zhasaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда таксист қызға қарақшылық шабуыл жасалды

![Алматыда таксист қызға қарақшылық шабуыл жасалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/ff560837ef18f103c32e643b5fbfdd00.jpg)

**Алматы қаласында 25 жастағы таксист қызға қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Яндекс.таксидің жүргізушісі болып жұмыс істейтін 25 жастағы қызға шабуыл жасалған. Түнгі екі шамасында ол шақыртуды қабылдап, «Саяхат» ауданына жеткізу керек болған клиенттерді алып кетеді.

> «Оның айтуынша, көлікке екі мас жігіт отырған. Көрсетілген жерге жеткеннен кейін олардың біреуі қыздың мойнына бұғалық салған. Таксист қыз есінен танып, жолаушылар отыратын артқы орындықтың астында оянады. Қыздың банк картасы мен телефонын алып, оны «Теректі» шағынауданында көліктен тастап жіберген. Кейін жүргізуші қыз полиция шақырды», — деді ПД-де.

Келген полицейлерге ол күдіктілердің белгілерін айтып берді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1987 және 1998 жылы туған ер адамдар ұсталды.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

---

Жарияланды: 2021-08-06T04:46:51+06:00

Жаңартылды: 2021-08-06T04:46:51+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/06/almatyda-taksist-qyzgha-qaraqshylyq-shabwyl-zhasaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.