---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/03/prezident-zhambyl-oblysynyng-aekimi-berdibek-saparbaevqa-soegis-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Президент Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс айтты

![Президент Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_85145.jpeg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы Facebook желісінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

> — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді – делінген хабарламада.

Бұдан ертерек Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалғаны хабарланған болатын.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/08/3dfe2b0a50fc2a3d1f7f4c1266eeaa22-300x165.jpeg)

Айта кетелік, ол 2019 жылдың қараша айында қала мектептерінің бірінде кәмелетке толмаған қыздың зорланған оқиғасына байланысты Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылған еді, сондықтан мемлекет басшысы оны қызметінен босатуды тапсырды.

---

Жарияланды: 2021-08-03T05:33:24+06:00

Жаңартылды: 2021-08-03T06:18:49+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: [Жамбыл обл.](https://qazaqpress.kz/tag/zhambyl-obl/), [сөгіс](https://qazaqpress.kz/tag/soegis/), [Тараз қ.](https://qazaqpress.kz/tag/taraz-q/), [Қ-Ж. Тоқаев](https://qazaqpress.kz/tag/q-zh-toqaev/), [әкім](https://qazaqpress.kz/tag/aekim/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/03/prezident-zhambyl-oblysynyng-aekimi-berdibek-saparbaevqa-soegis-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.