---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/08/02/bilim-zhaene-ghylym-ministrligi-onlajn-oqw-formaty-twraly-qawesetti-zhoqqa-shyghardy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Білім және ғылым министрлігі онлайн оқу форматы туралы қауесетті жоққа шығарды

![Білім және ғылым министрлігі онлайн оқу форматы туралы қауесетті жоққа шығарды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/photo_369593.jpeg)

**Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында қашықтықтан оқыту форматы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде келер оқу жылының бірінші тоқсаны онлайн форматта өтеді деген ақпарат таратуда.

Бұл туралы брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтқан көрінеді екен.

> — Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы, мемлекеттің бас санитарлық дәрігері мен облыстардың бас санитар дәрігерлері қабылдайды – деді Білім және ғылым министрлігі.

Еске салсақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындық үшін ұсыныстар әзірлеген болатын.

---

Жарияланды: 2021-08-02T06:40:17+06:00

Жаңартылды: 2021-08-02T07:10:16+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: [Білім және Ғылым министрлігі](https://qazaqpress.kz/tag/bilim-zhaene-ghylym-ministrligi/), [баспасөз қызметі](https://qazaqpress.kz/tag/baspasoez-qyzmeti/), [онлайн оқу](https://qazaqpress.kz/tag/onlajn-oqw/), [әлеуметтік желі](https://qazaqpress.kz/tag/aelewmettik-zheli/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/08/02/bilim-zhaene-ghylym-ministrligi-onlajn-oqw-formaty-twraly-qawesetti-zhoqqa-shyghardy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.